15 апреля, 2020

ЗАҢДЫ БІЛМЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛМАЙДЫ

[:kz]Ақтөбе облысының дін істері басқармасымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490 бабының 2 бөлігі бойынша, яғни заңды діни қызметке кедергі келтіргені үшін (мешітте намаз оқу барысында «Әмин» дұғасын дауыстап айтқаны үшін) 5 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде, Мұғалжар ауданы бойынша 4 азаматқа және Шалқар ауданы бойынша 1 азаматқа 50 АЕК (92785 тг) көлемінде айыппұл салынды.
Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары Дін істері басқармасы заң талаптарын сақтауға шақырады![:]