13 мая, 2020
«Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін….»
[:kz]
«Аңсар» орталығының басшысы Н.Берікұлынан @nursultan_zhanshin танымдық жазба. «Оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін….»⠀
Қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық бұл — кез-келген қоғамның баға жетпес құндылығы. Біз «тасбауыр» деп жиі сөгетін қоғамда жомарт жүректі адамдар бар және олар көп…
⠀
Мәселен, әлем бойынша көптеген қайырымдылық қорлары мен волонтерлық топтар жұмыс жасайды. Тіпті бюджеті $10-30 млрд-ты құрайтын қайырымдылық қорлары кездеседі. Олардың ішінде, бюджеті $50,7 млрд құрайтын «Bill&Milinda Gates Foundation» қайырымдылық қорын айтуға болады.
⠀
Негізгі мақсаттары әлемдегі денсаулық, білім саласын дамыту, кедейлікті жою, африкалықтарға көмек, эпидемияға қарсы дәрі-дәрмектер сатып алу, табиғи апаттардан жапа шеккендерге жәрдем, жан-жануарларға және т.б. көмектесу болып табылады.
⠀
Ал, елімізде де қайырымды жандар жоқ емес, бар… Оның бір дәлелі: Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге еліміздің түкпір-түкпірінен көмек қолын созушылар ағылып жатыр…
⠀
Ал, өзіміздің Ақтөбе өңірінде қайырымдылыққа жаны құмар жандар өте көп… @zhurekten_zhurekke_aktobe тобы 4 күнде 1 млн қаражат жинап, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетсе, @volonter.2020_aqtobe бастамасымен көпбала отбасыға өз күштерімен үй салуды бастап кеткендігін мақтанышпен айтуға болады..
⠀
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» - демекші, қандай қайырымды істер жасасаң да, барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен.
Шағырай шешен өз кезегінде:
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі,-деп дөп басып айтқан.
⠀
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық.
⠀
Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауабы еселене түседі. Бұл айда @ansar_volunteer тобы да қайырымдылық істерін белсенді атқаруда. Парақшасына тіркелсеңіз, жауапты волонтерлардың байланыс номері көрсетілген.
⠀
Имам Тирмизи хадистер жинағында: «Ең жақсы садақа – Рамазанда жасалған садақа» — деген. Сол себепті барлықтарыңызды сауабы мол қайырымдылық іс-шараларына атсалысуға шақырамын.
[:]