Деструктивті діни ағымдағылардың жетегіне еріп кетпеудің басты шарттары ретінде мына мәселелерге мұқият болғаныңыз абзал:
[:kz]Деструктивті діни ағымдағылардың жетегіне еріп кетпеудің басты шарттары ретінде мына мәселелерге мұқият болғаныңыз абзал:
⠀
Көшеде таратылған діни кітаптарды оқымау (Ресми түрде тіркелген діндер ешқашан көшеде өздерін насихаттамайды);
⠀
Көшеде және пәтер аралап діни мәселелерді айтып жүрген діни ағымдардың белсенділерімен сөйлеспеу;
⠀
Тегін тіл курстары, қайырымдылық ұйымдарына және бизнес клубтарға сақтықпен қарау;
⠀
Күмәнді әртүрлі тақырыптардағы діни кітаптар мен кітапшаларды оқымау;
⠀
Діни жоралғыларды тек қана мешіт имамдарынан ғана тыңдау;
⠀
Әртүрлі бейресми ортадан, ғаламтордан алынған діни уағыздарды тыңдаудан сақтану (тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен имамдардың кеңестерін тыңдау;
⠀
Діни кітаптар мен ұйымдардың заңдылығы жөнінде ресми тіркелген діни ұйымдар мен ресми мекемелердің арнайы сайттарынан қараңыз.
Дереккөзі: kazislam.kz[:]