10 августа, 2020
Аңсар волонтерлары бұлақ көздерін ашуға көмектесті
[:kz]«ANSAR VOLUNTEER» @ansar_volunteer тобы «Байғанин Live» @baiganin_live волонтерлар тобының шақыртуымен Байғанин ауданында бұлақ көздерін ашуға көмектесті.
⠀
Волонтерлар Байғанин ауданындағы 3 бұлақ көзін ашуға атсалысты. Шара барысында өңірдің тазалығына білек сыбана кірісіп жүрген азаматтар сұхбат беріп, экологияны сақтау жөнінде пікірлерімен бөлісті.
⠀
Байғанин жеріндегі бұлақ көзін ашу барысы және жергілікті белсенділердің экологияны қорғау турасында үндеуі арнайы «ANSAR VOLUNTEER» бағдарламасы үшін жазылып алынды.[:]