12 августа, 2020
«Аңсар» мамандары Тандем 104.7 FM радио толқынында
[:kz]Жергілікті Тандем 104.7 FM радиосы «Аймақ тынысы» бағдарламасында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлы қонақта болып, «Дін және жастар» тақырыбында сұхбат өрбітті.
⠀
Сұхбат барысында жастардың қызығушылығы, кейбір жастарымыздың деструктивті діни ағымдарға еру себебі, діни білімді мешіт, ресми мекемелерден үйренудің маңызы айтылды.
⠀
Осы және дін саласына қатысты басқа да сұрақтарыңыз болса, бейсенбі күндері сағат 18:00-де Тандем 104.7 FM радио толқынында «Аңсар» мамандарын тыңдап, көкейіңіздегі сұрақтарға жауап алсаңыз болады.
