1 сентября, 2020
«Ansar volunteer» тобы «Мектепке жол» акциясы аясында 6 отбасының 16 баласын оқу-құралдармен қамтамасыз етті
[:kz]Білім алушылар үшін бастау алған «Мектепке жол» акциясы аясында «Ansar volunteer» тобы 33.000 теңге көлемінде қаржы жинады.
Барлығы 6 отбасының 16 баласын (оқушы) «Хасен» сауда орталығынан 30% арнайы жеңілдік ұсынуымен 24 060 теңгелік оқу-құралдармен қамтамасыз етті. Қалған қаражат жинақ қорында сақтаулы.
Сонымен қатар, көмек көрсетілген оқушылардың ата-аналарына АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алу, тіркеуге тұру, бизнес бастау, кәсіппен айналысу туралы толық ақпараттар берілді.
Білім жолына басқан әр оқушының қадамы оң болып, @ansar_volunteer тобының ісінде береке тілейміз![:]