7 декабря, 2020
«2020 жыл – Волонтер жылы» аясында «Аңсар» волонтерлар тобы жылдық есеп беру кешін өткізді.
[:kz]https://www.youtube.com/watch?v=aIzEgIzOIXo
Кеште облысымыздың мәдени-қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, азаматтық қоғамның даумуына үлес қосқан волонтерлар марапатталды.
Марапаттау кешінде Ақтөбе облысының дін істері басқармасы басшысы Ә.Тұралиев @turalievalimbek пен Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы С.Мұқанов @sabit.mukan қолдау білдіріп, волонтерларды арнайы номинация және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
2020 жылда «Ansar volunteer» тобы қайырымдылық шаралары барысында жалпы сомасы 3 051 000 теңге жинап, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы, жұмыссыз қалған 62 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетті.[:]