23 декабря, 2020
Ардақ Назаров «Ғибрат» бағдарламасында қонақта
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «Ғибрат» бағдарламасында аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спортшы Ардақ Назаров қонақта болды.
Бағдарлама «Ел алдындағы ердің жауапкершілігі» тақырыбына арналып, ер адамның қоғамдағы, отбасындағы рөлі, ата-анасына деген құрметі, жұбайы, бала-шағасымен қарым-қатынасы жөнінде келелі әңгіме, сәтті сұхбат өрбіді.
Сұхбаттың соң «Аңсар» орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы және бөлім басшысы Нұрмұхаммет Шәмшіұлы «Аңсар» орталығының атынан кәде-сый ұсынды.
Алдағы уақытта сұхбаттың толық нұсқасы @ansar_aqparat ресми желілерінде жарияланатын болады. Күтіңіздер!

