1 марта, 2021

1-Наурыз — Алғыс айту күні

[:kz]Алғыс айту күні – еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына алғысы.

Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықтың өлшемі.

Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын![:]