Құрметті кітапсүйер оқырман!
[:kz]Ақтөбе жастары арасында «Талқы Like» кітап оқу және талқылау жиыны әрі қарай жалғасады.
Кітапсүйерлердің online жиынында негізінен 3 бағыт бойынша оқулық таңдалады. Олар:
Қазақтың тұнық танымын танытатын бестселлер, тарихи романдар;
Әлем әдебиетінен мотивациялық кітаптар;
Тәлім-тәрбие тақырыбын қамтитын әдебиеттер.
Үшінші оқитын кітабымыз: «Тағылым тамшылары» Қ.Бағашар.
«Тағылым тамшылары» кітабы мазмұнды оқиғалар мен ғибратты хикаяттарға толы. Рухани тәлім-тәрбиелік, тағылымдық астары мол әңгімелер оқырманды бей-жай қалдырмайды деген сенімдеміз.
Байқау шарттары:
@ansar_aqparat , @ansar_volunteer парақшасына жазылу міндетті.
Кітап оқу уақыты: 3 апта. 20-наурыз күні кітап желісі бойынша сұрақтар беріледі.
Жеңімпаз Ақтөбе тұрғыны болуы қажет. Дегенмен өзге өңірден де бірге оқушылар болса, мархабат.
Сенбі күні таңертең кітап желісі бойынша @ansar_volunteer парақшасында 3 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға өз аккауынтында @ansar_volunteer парақшасын белгілеп, 1-ші болып жауап берген оқырманға сыйлығымыз бар.
Кітаптың электронды нұсқасын, сілтемесін @ansar_volunteer инстаграм парақшасынан ала аласыздар.
Ендеше сәттілік, оқырман![:]