«АҢСАР» АТО БАСШЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНА АРНАЙЫ БАРДЫ
[:kz]
Мәртөк ауданының шақыртуымен «Аңсар» ақпараттық — талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин Мәртөк ауданына арнайы ат басын тіреп, діни ахуалын бағамдап келді.
Жұмыс сапарын Мәртөк ауданының белсенді жастарымен кездесуден бастады.
Кездесу барысында жастарға «Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі», «Әлеуметтік желідегі түрлі діни ағымдардан сақтану» сынды өзекті мәселелерді қамтыған ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, белсенді жастарды діни ақпараттарға сыни көзқараспен қарап, діни ақпараттарды сенімді ақпарат көздерінен алудың маңыздылығын тілге тиек етіп, жат ағымның сипаттары мен белгелері жайлы баяндап берді.
Сондай-ақ, Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында болып, мектеп мұғалімдеріне семинар өткізді.
Семинар барысында ұстаздарға «Мемлекеттің дін саясаты», «Конфессияаралық келісім», «Тұрақтылық», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу көріністері» тақырыптары төңірегінде әңгіме өрбітті.
Педагогтарға жат ағымнан сақтануда бағыт — бағдар беріп, дінге қызығушылығы бар оқушыларға дұрыс бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.
Мұғалімдердің діни сауаттылығын үнемі басты назарда ұстайтын орталық басшысы Нұрсұлтан Жаншин мұғалімдердің діни сауаттылығы келешек кепілі екенін ескертті.
[:]