«АҢСАР» АТО БАСШЫСЫ ОНЛАЙН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
[:kz]
23 маусым, сәрсенбі күні «Аңсар» ақпараттық — талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин онлайн байқау жеңімпаздарын қабылдап, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Erkindigim — Amanatym, Еldigim” жобасы аясында «Аңсар» АТО-ның инстаграм әлеуметтік желісіндегі @ansar_aqparat ресми парақшасында “Жауап бер де, жеңімпаз атан!” атты тікелей эфирде онлайн байқау өтті.
Байқау Тәуелсіздік, дін, дәстүр, тарих тақырыптары бойынша танымдық сұрақтарды қамтыды.
Эфирге қоңырау шалу арқылы байқауға қатысуға ниет білдіргендер арасынан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берген Асылзат Қайыроллақызы, Зәру Темірғали, Нұртай Алмасұлы және Анаргүл Дәулетиярқызы жеңімпаз атанды.
Көрермен көңілінен шыққан онлайн байқау алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
[:]



