26 июня, 2021

«АҢСАР» АТО БАСШЫСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

[:kz]

25 маусым, жұма күні «Аңсар» ақпараттық — талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин @aktobe_ocnt , @bogetsaymadeniet және @ansar_aqparat инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларда «Діни экстремизм мен терроризм — қоғамдағы қауіпті індет» тақырыбында сұхбат берді.

Кездесуді ұйымдастырып, халықтың сапалы діни ақпарат алуына себепкер болған Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің ұжымы.

Шара соңында орталық басшысына Бөгетсай ауылдық округі әкімінің арнайы алғыс хаты мен Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі ұжымы атынан естелік сыйлық табысталды.

«Аңсар» АТО басшысы да өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, орталық атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Тікелей эфир барысында «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин дін мен экстремизмнің ара қатынасы қандай, бір-біріне байланысы барма?, Қазақстанда діни экстремисттік ұйымдар не себепті көбейіп кетті, бұндай экстремисттік идеологияны таратқан кімдер?, Қазақстанда қанша ұйым экстремисттік деп танылған, атап өтсеңіз?, Діни ағымдардың сипаттары мен белгілері қандай, оларды қалай ажыратамыз?, Деструктивті діни идеологияния таратушы немесе насихаттаушы ұстаздар кімдер?, Діни сұрақ туындаса кімдерге жолығуға болады?, Кімдердің уағыздарына рұқсат етілген? сынды сауалдарға жауап берді.

Эфир жоғарыда көрсетілген инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларда сақталған. Сізді діни сауалдардың жауабы қызықтырса эфирді толық қарауға мүмкіндіктеріңіз бар.

 «Аңсар» АТО баспасөз қызметі

 [:]