26 июня, 2021

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

[:kz]26 маусым, сенбі күні «Аңсар» ақпараттық — талдау орталығы тарапынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Елорда күніне орай «Erkindigim — Amanatym, Eldigim» жобасы аясында «Спорт — денсаулық кепілі» атты әйел жамағаттары арасында эстафеталық ойын өтті.
Эстафеталық ойынға Ақтөбе әйелдер жамағаттары мен Алға, Хромтау аудандарынан барлығы 6 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында оқ бойы озық шыққан “Жәннат” командасы І орын, “Салсабил” командасы ІІ орын, “Фирдаус” командасы ІІІ орынды жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға “Аңсар” АТО атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Әйел жамағаттардың ауызбіршілігі мен белсенділігі үшін шынайы алғыс білдіреміз!

[:]