29 июня, 2021

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

[:kz]

28 маусым, дүйсенбі күні «Volonter 2020 Aqtobe» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала сырты лагеріндегі 13 — 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге жат ағымнан сақтану жолдары түсіндірілді.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында өткен Кездесуде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Бейбарыс Ізберген жасөспірімдерге атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жат ағымнан сақтану жолдары мен белгілері туралы жан-жақты баяндап берді.

Атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жоспарға сай жүйелі жалғасатын болады.

[:]