29 июня, 2021
АТАУЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
[:kz]
29 маусым, сейсенбі күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары «Ярмарка» автоқосалқы бөлшектер базарында болып, өзін — өзі қамтушыларға атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, орталық мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, «Аңсар» АТО тарапынан арнайы бүктемелер таратты.
Жоспарға сәйкес атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүйелі жалғасып келеді.
[:]


