АЙМАҚҚА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРНАЙЫ КЕЛДІ
[:kz]
Өңірде ҚР Ақпарат және даму министрлігінің тапсырмасы аясында
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды.
18-19-20 тамызға жоспарланған 3 күндік жоба Хромтау ауданында бастау алып, жобаға республикалық деңгейдегі мамандар жұмылдырылды.
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқан және ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова бастаған республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері «Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы» ММ-ң «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандарымен бірлесіп
Хромтау ауданының Дөң және Көктау ауылдарында әртүрлі форматтағы топтық кездесулер өткізіп, жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жоба шеңберінде РАТТ мүшелері аудандағы дін ұстанушы жамағаттармен қатар ауыл тұрғындары Дөң тау-кен байыту комбинатының мекеме қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, спортшылар және ауыл тұрғындарымен арнайы кездесіп, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жат діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, жоба шеңберінде РАТТ қатысуымен Хромтау ауданы жамағаттары арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. 9 команда бақ сынаған спорттық сайыстың ашылу салтанатына куә болған РАТТ мүшелері ойыншыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, лекция оқыды. Кездесулер барысында сақтық шаралары ескерліп, карантиндік талаптарға сай өткізілді.
Діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғаудың мақсат тұтқан жоба бүгін Ақтөбе қаласында жалғасын табады.
[:]