21 августа, 2021

АЙМАҚҚА АРНАЙЫ КЕЛГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНА МЕН БАҚ-қа СҰХБАТ БЕРДІ

[:kz]

Өңірде ҚР Ақпарат және даму министрлігінің тапсырмасы аясында
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруға атсалысқан Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқан және ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйтқы болуымен медиа саласында да айтарлықтай жұмыстар жүргізді.

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқан «Рика ТВ» телеарнасына және «Актюбинский Вестник», «Хромтау» газеттеріне сұхбат берсе, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова «Актюбинский Вестник», «Эврика» газеттеріне сұхбат берді.

Дін саласының майталман мамандарының тұщымды ойлары мен пайымды пікірлерін «Рика ТВ» телеарнасынан көріп, аталған басылымдардан оқи аласыздар.

[:]