ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ
[:kz]
27 тамыз, жұма күні ҚР Конституциясы күніне орай «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен зияткерлік сайыс өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында «Erkindigim — amanatym, eldigim» жобасы аясында ҚР Конститутциясы Күні мерекесіне арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысында жастардан құралған командалар ҚР Конситуциясы, «Діни қызмет және діни берлестіктер туралы» заңы мен «ҚР аумағында тиым салынған терроризмдік және экстремизмдік ұйымдар» туралы сауалдарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен ой ұшқырлықтарын ортаға салды.
Сайыс нәтижесінде, әділ қазы алқаларының шешімімен жүлделі І орынды «Jas Aqtobe» командасы жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды «Жеті Жарғы» командасы иемденді. Ал, жүлделі ІІІ орын «АСК» командасына бұйырды.
Ойынға Ақтөбе облыстық жастар ресурсы, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеті және Қазақстан студенттер альянсы қатысты.
Барлық жеңімпаздарға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
[:]
