1 сентября, 2021
БАЙҚАУДА БАҒЫ ЖАНҒАНДАР
[:kz]
@ansar_aqparat оқырмандарының асыға күтетін айдарына айналған онлайн ойындар қатысушылардың қызығушылығы мен ой ұшқырлығын анықтап, жеңімпаздарын ынталантырып отырады. Дәстүрлі түрде ұйымдастыратын мұндай байқаудың бірі – Мұхаррам айы мен Ашура күніне орай 18 тамыз күні өткізілген болатын. Байқауда бағы жанған Алмат Әміров @almat0702 басты сыйлыққа ие болса, Нұрдана Мирманова @mirmanova_ және Абат Аяжан @koshyaa жүлделі ІІ және III орынды қанжығаларына байлады.
Жүлдегерлерге орталық тарапынан марапаттары табысталып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.
Онлайн форматта ұйымдастырылып, желіде жарияланған сұрақтарға жарыса жауап берген белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтардан өзге естелікке кітаптар сыйға тартылды.
[:]
