25 сентября, 2021

«БАБАЛАР МҰРАСЫ БІЗГЕ АМАНАТ»

[:kz]

25 қыркүйек,  сенбі күні «Аңсар» АТО ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Erkindigim– amanatym, eldigim» жобасы аясында әйел жамағаттар арасында «Бабалар мұрасы бізге аманат» зияткерлік сайысын өткізді.

70 тен аса әйел жамағаттың басын қосқан ауқымды шарада өзін-өзі қамтушы кондитерлік өнім және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көпшілікке өнімдері ұсынылды.

Дін. Тарих. Дәстүр сабақтасқан зияткерлік сайыста «Тараз шаһары», «Отырар шаһары», «Сарайшық», «Бөкей Ордасы» атаулы 4 топтан, 16 қатысушы білімдерін сынады.

Сайыс «Салт-дәстүр сан ғасырлық саф мұра «, «Имандылық – ізгілік негізі», «Тарих. Тағдыр. Тұлға» деп аталатын 3 кезең бойынша өткізіліп,  ұлттық құндылықтар ұлықталды.

Дін мен дәстүр үндескен зияткерлік сайыста ақ жаулықты ана Әсия Аманбаева, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Кенжегүл Қошқарова және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Айнұр Сапаралықызы төрелік етіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген қатысушылар арасынан кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтады.

Сайыс нәтижесі бойынша ұшқыр ой, терең білім танытқан Тарихи шаһар » Тараз» қаласы атауын иемденген команда сайыстың басты жүлдесі ‐ I орын және 40 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатты жеңіп алды.

Жүлделі ІІ орынды «Отырар» командасы қанжығаларына байлап, 30 000 теңгелік сертификатты иемденсе, «Сарайшық шаһары» командасына III орын бұйырып, 20 000 теңгелік сертификат табысталды.

Барлық қатысушыларға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының атынан алғыс хаттар табысталып, діни әдебиеттер үлестірілді.

[:]