7 октября, 2021

«ANSAR VOLUNTEER» ҚАРТТАРҒА ҚОЛ КӨМЕГІН БЕРДІ

[:kz]

Қашан да игі істің бастамашысы болып, қоғамға пайдам тисін деп жүретін «Ansar Volunteer» волонтерлық тобы қайырымдылық шарасының ұйытқысы болды.

6 қазан күні шаһарымыздағы N1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барған «Ansar Volunteer» тобы орталық тұрғындары – қарттарды өткен мерекелерімен құттықтады.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қол көмектерін беріп, қарттар үйінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Волонтер жастар қамкөңіл қарияларға көңіл бөліп, тындырымды істерімен қарттардың ізет-ілтипатына бөленіп, алғысы мен батасын арқалады.

Кездесу соңында жастар қазақ ойшылдарының ұлағатты сөздері жазылған үнпарақтарды таратты.

[:]