18 октября, 2021

ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» САРБАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

[:kz]«Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин әскери құрылымдарда діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу және болдырмау, сарбаздардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 66/55 әскери бөлімінде «Діни экстремизм мен терроризм қатері» тақырыбында әскерилерге дәріс оқыды.

Кездесу барысында әскерилерге діни экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәні, деструктивті діни ағымдардың ұлттық тұтастыққа, мемлекеттің ішкі тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатері жайлы мәліметтер айтылды.

Сондай-ақ,  діни экстремизммен күресу,  дәстүрлі емес идеологияның жағымсыз ықпалы туралы мәселелер қаралды. Осы орайда, Ұлттық ұланның 66/55 бөлімі әскерилері де ел қорғаушылар ретінде ескеруі қажет ақпараттарға қанығып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.[:]