17 октября, 2021
ОРТАЛЫҚ МАМАНЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ
[:kz]Жұма күні «Аңсар» АТО теологы Айсұлтан Сапар қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру, азаматтарды жалған деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында zoom платформасы арқылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Ақтөбе қаласы оқу орталығының жеке құрамымен кездесті.
Онлайн кездесуде «Деструктивті топтарға тәуелділік. Тәуелділіктің алдын алу және ескерту» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға толыққанды жауап берді.[:]