16 октября, 2021

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

[:kz]Діни сауаттылық — бүгінгінің басты талабы. Өйткені, түрлі ағымның тамыр жайып, көбейген кезеңінде ДІНИ сауатың болмаса, жат ағымның жетегінде кету қаупі басым.

Міне, осыған байланысты «Аңсар» АТО түсіндіру жұмыстары жүйелі жалғасып, халыққа дұрыс мағұлматтар беру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып келеді.

Жұма күні осы бағыттағы мақсатты жиын Ақтөбе облыстық планетарийінде өтті.

«Аңсар» АТО бөлім басшысы Сансызбай Ұлқабай N56 орта мектеп оқушыларымен кездесіп, «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында теріс ағымнан сақтану жолдары, діннің қоғамдағы орны, діни білім турасында мардымды насихат айтып, көкейкесті сауалдарына дәйекті жауаптар беріп, өзге ағымды ислам дінінен ажырату жолдарын баяндады.

Сондай-ақ, шара соңында оқушыларға «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбында үнпарақтар таратылды.[:]