14 октября, 2021
«Жастарды жат ағымнан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.
[:kz]Бүгін 14 қазан, бейсенбі күні Қ. ЖҰБАНОВ атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғарғы колледжінің студенттеріне 18 қазан — Халықаралық рухани келісім күніне орай
«Жастарды жат ағымнан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында «Ансар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Әжіғалиева Гүлфайруз жастарға діни және дүниелік білімнің арасындағы тығыз байланысты түсіндірді. «Ансар» ақпараттық талдау орталығының маманы Қобланқызы Айзат діни білімді арнайы бекіткен ұстаздан алу керектігін айтты. Арнайы сергіту ойындары мен таңқалдырған «Ансар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Ақжан Жексенбайқызы студенттердің көңілінен шыға білді.[:]