9 ноября, 2021

Салафия немесе Уахабия термині…

[:kz]

Салафия немесе Уахабия термині Сауд Аравия жерінде 18-ғасырдың аяғында  бастау алған саяси діни қозғалысқа қатысты айтылады. Негізін қалаушы —  Мухаммад ибн Абдул Уаххаб.

Оның толық аты-жөні Мухаммад ибн Абдул Уаххаб ибн Сулейман ибн Мухаммад ибн Ахмад ибн Рашид әл Мушшарафи әт-Тамими. Нақты туған жылы белгісіз, шамамен 1703 жылы Нәдж аймағында Уяйна деген қалашықта дүниеге келген. Әкесі Абдул Уаххаб Бану Тамим тайпасында атақты ғалым болған. Жас кезінде әкесінен Ахмад ибн Ханбалдың мазхабы  бойынша фиқһ ілімін оқыған. Ағасы Сулеймен де сол уақыттағы атақты ғалымдардың бірі еді. 12 жасында қажылыққа Мекке, Мадинаға барып кейін үлкен ғалымдардан білім алып ілімін шыңдайды.

Дегенмен, жастайынан өзі өмір сүрген қоғамда өзіне тән бұрыс жол ұстанады.Құран аяттарында, пәк сүннетте мүшріктер мен кәпірлерге қатысты  келген аяттарды өздерінің пікірлерімен келіспеген мұсылмандарға қолданып, оларға соғыс жариялап, мұсылмандардың қаны төгіліп, мал-мүліктері талан-таражға түседі.

Бұл әрекетімен ол сол кездегі Осман империясына қарсы шығады. Олардың сенімі бойынша Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде келген құтылушы топ тек олар ғана.

Ол кезде мұсылман арасында тараған діни амалдарды ислам негізіне керағар деп танып, солардың ішінде қабірлерге бару, тауассул, бидғаттың барлық түрін харамға шығарды. Ол өзіне ілескен адамдарға таза салафус салих уақытындағы кіршіксіз исламға қайтамыз деп үгіттеген болатын.Сол уақытқа дейін қалыптасқан төрт фиқһ мазһабын мойындамай ғалымдардың пікіріне емес тікелей Құран аяттары мен хадистерден алу керек деп шақырды.

Аталмыш діни ағымның «Уахабизм деп аталу себебі» негізін қалаушы Мухаммад ибн Абдул Уаххабтың есіміне қайтады. Бұлай аталуына бұл ағымды ұстанушылар қарсы, өйткені олар өздерін саяси қозғалыс емес діни дағуат деп түсінеді.

Олардың пікірінше Мухаммад ибн Абдул Уаххаб жеке мазһаб ойлап шығармады,  ол сахабалардың төрт имамның ұстанған жолы Құран жолы мен пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннетін ұстанады деп сенеді. Олар өздерін «салафилер» немесе «Ахлус сунна уәл джамаға»  деп атағанды қалайды.

[:]