26 октября, 2021
Дінді ұстану адамға не береді?
[:kz]Егер сіз дәстүрлі діндердің бірін ұстанатын болсаңыз, бойыңызда адами ізгі қасиеттер орнығып, жамандықтан бой тартуға үнемі күш салып жүретін боласыз. Мәселен, ислам дінінде арақ ішуге тиым слынған. Таза мұсылман ешқашан арақ ішпейді. Ал арақтың бүгінгі таңда адамдарға қаншалықты залалын тигізіп жатқандығын күнделікті өмірде қай-қайсымыз да көріп жүрміз.
«Жақыныңды сүй» деген христиан дінінің шартын ұстанатын адам, содан жамандық көре ме? Жоқ. Туыс-бауырларын, таныс-жолдастарын жақсы көріп, құрметтеу сізді айналаңызға сүйкімді етіп қана қоймай, өміріңізді жеңілдетіп, адамдармен қарым-қатынасыңызды жақсартпақ.[:]