«Дін жастардың көзімен»
[:kz] 21 қараша күні Қ. Жұбанов ат. музыкалық колледжінде Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Дін жастардың көзімен» атты пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды.
Жалпы турнирге 8️⃣топ қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша тақырыптар қозғалды.
Аталған шарада жастар қауымы қамтылып, тартысты ойындар көрсетті.
Турнир нәтижесінде
I орын — “Асылбектің шәкірттері”
II орын — “Ақтөбе Арланс»
III орын — “Фемида”
топтары иеленіп, орталық басшысы атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ, турнир барысындағы белсенділер үшін:
«Үздік талпыныс»
«Үздік төреші»
«Үздік спикер»
номинациялары анықталып, ынталандыру сыйлықтары берілді.
Профилактикалық жұмыстарына сәйкес қатысуышаларға қарсы насихаттық материалдарды қамтыған бүктемелер таратылды.
[:]