18 ноября, 2021
«АҢСАР» АТО БАСШЫСЫ ХРОМТАУ АУДАНЫНДА
[:kz]18 қараша, бейсенбі күні орталық басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысуымен
Хромтау аудандық тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің шығу тарихы, қауіпі мен көріністері» тақырыбында кездесу болды.
Кездесудің мақсаты: жастар арасындағы діни сауаттылықты арттырып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат діни ағымға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Жиында 150 жуық жас қамтылып, көкейтесті сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
