Қазан 4, 2018

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

[:kz]Шалқар ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бастау алды. Облыстық АТТ мүшелері – «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы – Дәрменов Қайрат Қуанышбекұлы, дін істері басқармасының бас маманы – Сәрсенбаев Нұрпейіс Айтпағанбетұлы және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы – Панаев Нұрбол Аханұлы Шалқар ауданына қарасты Біршоғыр және Қауылжыр ауылдық округтерінде өндірістік мекемелердің қызметкерлері және орта мектеп оқушыларымен кездесті. Жиын барысында діни сауаттылық, зайырлы мемлекетіміздегі дін мен қоғамның байланысы туралы мәселелер талқыланып, теолог мамандар деструктивті ағымдардан қорғану жолдары жайлы түсіндірді.[:]