28 февраля, 2022

Дарын 28

?2022 жылдың 28-інші ақпанында М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу өтті. «Жат діннен сақ бол!» тақырыбында сұхбар форматында өткен кездесуге «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан мен орталықтың психолог маманы Қасенов Ақжол қатысты.

Орталық мамандары мектеп оқушыларын қазіргі уақыттағы қоғамның басты дерті — деструктивті діни ағымның белгілері мен ерекшеліктерімен таныстырып, олардан сақ болуға шақырды.

??‍?Мектеп оқушылары тақырып бойынша түрлі сұрақтарға жауап алып, мамандармен пікірлесе отырып, тақырыпты талқыға салды.