13 апреля, 2022

Қорайлы ауылының Елек орта мектебінің оқушыларымен кездесу

?Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қорайлы ауылы, Елек орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Жастарды әлеуметтік желідегі жат ағымның ықпалынан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті.

?«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан оқушыларға елімізде халықтың, әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңызды екенін айтты.

✅Маман түрлі деструктивті діни ағымдардың арбауына ермей, қажетті ақпаратты алуға болатын сайттар мен оқулықтарды көрсетті.