7 апреля, 2022
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау бойынша Семинар.
?Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау семинары өтті.
?«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин аталған семинарға қатысып, «Қазақстанның рухани қауіпсіздігіндегі діннің рөлі» тақырыбында дәріс сағатын өткізді.
?Орталық басшысы Қазақстандағы діни ахуал, мемлекеттің дін саласындағы рөлі мен маңызы, мемлекет пен діннің ара қатынасы жайында айтып өтіп, деструктивті ағымдар, олардың белгілері мен сипаттарын тілге тиек етті.