«Әлеуметтік желі» тақырыбына кездесу
?5 сәуір күні Ақтөбе өнеркəсіптік технологиялар және басқару колледжінің жатақхана студенттерімен «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында кездесу өтті.
?«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары Асанов Нұрлан және Нурлыбаев Кияс жатақхана тұрғындарына ғаламтор желісінің, оныің ішінде әлеуметтік желінің пайдалы тұстарымен қатар зияны бар екендігін айтып өтті.
?«Бүгінгі күні әлеуметтік желі – қоғамда елеулі орны бар дүниеге айналды. Күнделікті хабар тарату, ақпараттар алу және жаңалықтармен бөлісу тұрғысында қажетімізді желіден аларымыз рас. Әйтсе де түрлі негізде жүргізілетін парақшалардың бәрінің түпкі мақсаты – жақсылықты насихаттамайды. Деструктивті діни идеялогияны ұстанатын топ өкілдері өз бағытын жарнамалау үшін әлеуметтік желілерді қолданады.
Арбаушылардың бұл ісіне жастар бірден сеніп қалуы мүмкін. Сондықтан сақтанып, діни мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға кеңес береміз», — деді мамандар.