ҰЛЫҚ МЕЙРАМ — ӘЗ НАУРЫЗ!
?Күн мен түн теңесіп, табиғат жандана түсетін көктемнің ғажап мерекесі Наурыз мейрамын Аңсарлықтар өте керемет деңгейде атап өтті.
?Дін істері басқарма басшысы Әлімбек Тұралиев атаулы мерекемен құттықтай отырып, қызметкерлердің еңбегіне табыс, өмір жолына сәттілік тіледі. “Аңсар” АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин дәстүр мен діннің қашанда бір-біріне сабақтас ұғым болғанын айта отырып, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау маңызды екендігін айтып өтті.
⚜️Орталықтың теолог маманы Шынтас Қазихан дін мен дәстүр жөнінде сұрақтар қойып, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етті.
?Қазақтың ұлттық тағамдарынан, 7 түрлі астан жасаған көжеден дәм татқан Аңсарлықтар кезекті ұлттық ойындарға берді. Арқан тарту, гир көтеру, асық ату секілді ойындар ойналды.
?Наурыз тойына қатысып, керемет күннің өтуіне ат салысқаны үшін дін істер басқармасына, “Ихсан” қоғамдық бірлестігіне және “Аңсар” волонтер ұйымына алғыс білдіреміз!






