25 июля, 2022
Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының Шалқар ауданында өткен түсіндіру жұмыстары өз мәресіне жетті.
22 шілде күні мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кітапхана қызметкерлерімен «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбында кездесу өтті. Шалқар қалалық әкімдігінің қызметкерлеріне «Жалпы жастарды жат көзқарастағы түрлі діни ағымдардың идеологиясы мен пікірінен сақтандыру» түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ұлы борсық» КМК-де «Өскелең ұрпақты түрлі діни ағымдардың идеологиясынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.
Түсіндіру тобының мүшелері базар, сауда-саттық орындары, мешіт, қоғамдық көлік жұмысшыларына бүктемелер таратып, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Темір жол өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен «Жасыл ел» бағдарламасының жастарымен «Дәстүр мен ата дініміздің сабақтастығы» тақырыбында сұхбат түріндегі кездесу өтті.




