29 июня, 2022

Темір ауданында бойынша 29 маусым — 1 шілде аралығында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында іс-шаралар өткізілмек

Темір ауданында бойынша 29 маусым — 1 шілде аралығында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында іс-шаралар өткізілмек

Жобаның алғашқы күнінде аудан әкімшілігінде десант аясында жұмыс жүргізетін топ мүшелері мен аудан әкімінің орынбасары қатысуымен жиналыс өткізілді. Спорт мектебінде БЖСМ-нің қызметкерлерімен кездесу өтті. «Локомотив» депосында қызметкерлерімен сұхбат түріндегі кездесу ұйымдастырылды.

«Досжан ишан» аудандық орталық мешітінде жамағатпен кездесу өтті. Сонымен қатар, Шұбарқұдық кенті бойынша ДДА мүшелерімен оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында жеке кездесу ұйымдастырылды.