28 июня, 2022

Мемлекеттік қызметке тағайындалған қызметкерлерге семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 маусымында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке тағайындалған қызметкерлерге семинар өткізілді.

«Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин қызметкерлерге мемлекеттің дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда тиым салынған деструктивті діни ағымдар, олардан сақтану жолдары, белгілері мен сипаттары туралы ақпараттар берілді.