20 августа, 2022

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

А.ж. 10-11 тамыз күндері «Аңсар» ақпарттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша имамдардың біліктілігін арттыру семинары өткізілді.
Семинарға арнайы шақыртылған спикерлер – Л.Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты К. Тышхан, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, исламтанушы Н. Смағұлов, «Ихсан» орталығы ҚБ-нің теологы Е. Ыбраймов, Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Ү. Сәрсенбин және SMM маманы Г. Ыбырай өзекті тақырыптар аясында дәрістер жүргізді.
Семинар қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Бас имамы С. Еншібайұлы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы М. Құлбергенов және «Аңсар» орталығының басшысы Н. Жаншин қатысушыларды 2 күндік оқыту семинарын сәтті аяқтағанымен құттықтай отырып, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификаттармен марапаттады.