17 августа, 2022
АУДАНДАРДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
А. ж. 16-17 тамыз күндері Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Т. Жақиянов пен бас сарапшы А. Маликаждар Байғанин, Темір, Мұғалжар және Алға аудандарыда діни ахуалға талдау жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысында мамандар фокус топтармен (ішкі саясат, білім, жастар орталығы, имам, зиялы қауым өкілдері, АТТ мүшелері және т.б.) кездесіп, дін саласындағы өзекті мәселелер мен бірқатар ұсыныстар талқыланды.


