17 октября, 2022

«Діни радикалды ұйымдардың идеологияларынан сақтану жолдары»

А.ж. 17 қазан күні Қ.Жұбанов университетінің физ-мат факультетінің студенттері арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесуге Орталықтың теолог маманы М. Искаков пен психологы А. Қасенов қатысып, «Діни радикалды ұйымдардың идеологияларынан сақтану жолдары» тақырыбында дәріс жүргізді.
Шара барысында студенттер тарапынан көкейде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, мамандар тарапынан нақты әрі тұщымды жауаптар алды.