19 октября, 2022

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің арнайы жоспары аясында 19 қазан күні РАТТ мүшелері Ақтөбе облысы, Есет батыр ауылының мәдениет үйінде «Дәстүрлі дін мен жат ағымды қалай ажыратамыз» тақырыбында кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге РАТТ мүшесі, «Ихсан» орталығының директоры Қалманов Мейірбек Камалбекұлы дәріскер ретінде тартылып, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және әлеуметтік осал топтардағы азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге қатысушылар арасында ақпараттық таратпа материалдар таратылып, маман тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.