МАМАНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
21 ақпан күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына Ақтөбе облысы Әділет департаменті және заңгерлік қауымдастық мүшелері арнайы келіп, орталық мамандары және «Ихсан» орталығы ҮЕҰ мамандарына құқықтық көмек көрсетті.
Шарада алғы сөз сөйлеген «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин
— Дін мен мемлекет байланысының аражігін айқындайтын бірден бір құрал – мемлекетіміздің тарапынан қабылданған заңдар екендігін атап өтіп, дін саласы бойынша құқықтық реттеу жүйесі мемлекетіміз үшін ауадай қажет екенін айтты. Өз кезегінде қатысушылар діни қызмет саласындағы реттілік, халықпен байланыс барысында туындайтын жағдаяттар төңірегінде сұрақтар қойып, жауап алды.
Әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында келген Ақтөбе облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Бекзат Ахмедиева, Ақтөбе облысы нотариаттық палатасының нотариусы Меруерт Бекжанова, Ақтөбе облыстық алқасының адвокаты Айгүл Қалмурзина, жеке сот орындаушысы Динара Карабекова және жеке сот орындаушысы Бекболат Казусов шара қатысушыларының құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет төңірегіндегі сұрақтарын тыңдап, кеңес берд





