22 февраля, 2023
АТАУЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
22 ақпан күні «Аңсар» АТО мамандары Нұрлан Асанов және Ақжол Қасенов №31 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Орталық мамандары»Деструктивті діни ағымдар және оның қоғамға әсері» тақырыбында дәріс жүргізіп,
білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақжол Қасенов кездесу тақырыбын психологиялық тренингпен сабақтастыра отыра қорытындылады.
Шара соңында «Аңсар» АТО тарапынан арнайы бүктемелер таратылды.

«Аңсар» АТО баспасөз қызметі