25 февраля, 2023
ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
24 ақпан күні «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлеріне дәріс оқыды.
Дәріс қатысушыларына «Дін мен мемлекеттің арақатынасы», «Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары», «Зайырлы мемлекеттегі діннің орны» мазмұнында кеңінен ақпарат берген орталық басшысы Нұрсұлтан Жаншин
жұмыс барысындағы тәжірибесімен бөлісіп, дәріс қатысушыларының назарына деструктивті діни ағымдардың сипаттары, белгілері және олардан сақтану жолдары туралы егжей-тегжейлі сипаттады.
Ал жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.