27 февраля, 2023
ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТУШЫЛАР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
27 ақпан күні «Аңсар» АТО мамандары Ақжол Қасенов сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтар, өзін-өзі қамтушылар арасында «Дәстүрлі дін мен жат ағымды қалай ажыратамыз» мазмұнында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық үлестірмелі материалдар таратты.
Түсіндіру жұмыстары барысында діни экстремизм мен террорризмнің қауіптілігі, деструктивті діни ағымдардан сақтану мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану және Орталықтың «+7 776 074 1707» сенім телефоны бойынша ақпараттар берілді.
