27 февраля, 2023
ӘСКЕРИЛЕРГЕ ДӘРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
27 ақпан күні «Аңсар» АТО маманы Нұрлан Асанов #6655 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.
Діни экстремизмнің алдын алу және әскердегі жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, сарбаздардың сауалына жауап берді.
Сондай-ақ, теолог маман әскери қызметшілерді өз елінің патриоты болуға, жүктелген міндеттерін адал орындауға және әскери ортаға діни экстремизм идеяларының енуін бодырмауда қырағылық танытуға шақырды.