МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин ҚР жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен кездесті.
Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау бойынша мемлекеттік қызметшілерге » Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары» тақырыбында көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Орталық басшысы Нұрсұлтан Жаншин семинар қатысушыларына мемлекет пен дін арақатынасы, зайырлылық принциптері, мемлекеттік құрылым, дін саласындағы заңнамалар туралы жан-жақты түсінік беріп, «Қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі діннің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.
Сондай-ақ, әр түрлі діни ағымдардың сипаттары мен белгілері және одан сақтану жолдары жөнінде мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.
