1 марта, 2023

Қадірлі Ақтөбеліктер!

Қадірлі Ақтөбеліктер!

?Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы қиын-қыстау кезеңде қоныс аударған этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, еліміздің дамуына зор үлес қосуда.

?Бұл мереке этнос өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын, бір-бірімізге деген алғаусыз құрметіміз бен сыйластығымызды арттырады.

?Айтулы күн барды бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, мейірім мен ізгілікке бастайды. Кең пейілді халқымыз қашан да әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашан да келешегі кемел болары анық.

?Тату тірлігіміз бен жарасымды сыйластығымыз арта берсін!

?Ырысты ынтымағымыз бен берекелі де баянды бірлігіміздің көкжиегі кеңейе берсін. Баршаңызға зор денсаулық, әр отбасына амандық пен игілік тілеймін!

?Мереке құтты болсын!

«Аңсар АТО» басшысы — Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы.